Шешенстан президенті Рамзан Қадыровқа «халық әкесі» атағы берілді

Шешенстан басшысы бұдан былай «Мехк-Да» деп аталады


10/02/2023
11:22 16137 0

Фото: РБК

 

Шешенстан парламенті Конституцияға енетін бірқатар түзетулерді мақұлдады. Жаңа өзгертулер бойынша, бұдан былай республика басшысы «Мехк-Да» деп аталады. Тікелей аударғанда бұл сөзі «өлке әкесі» деген мағынаны білдіреді. Бірақ шешен тілінде ол «халық әкесі» деген мағынада қолданылады. 

 

Конституцияға түзетуді парламент басшысы Магомед Даудов ұсынған. 

 

Рамзан Қадыров Шешенстанды 2007 жылдан бері басқарып келеді. Құқық қорғаушылар оны «адам құқығын бұзды», «адам ұрлады, өлтірді» деп бірнеше рет айыптаған. АҚШ пен Еуроодақ оған санкция салған. 

 

Рамзан Қадыров Ресей Украинаға басып кіргеннен бастап соғыстың насихатшысы болды. Ол Украинаға Шешенстанның арнайы жасағын жіберді. Ресми Киев өкілдеріне шүйлікті. 

Поделиться

Нет комментариев.

10/02/2023 11:22
16137 0

Уведомление