Шекарадағы қарулы қақтығыс: Тәжікстан мен Қырғызстан арасында не болып жатыр?

Қысқаша


30/04/2021
11:47 43785 0

Фото: azattyq.org

 

28 сәуірдің кешкісі Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тұрғындар бір-біріне тас атып, арты әскерилердің қарулы қақтығысына ұласты. Қырғызстан денсаулық сақтау министрілігінің мәліметіне сенсек, қырғыз жақтан 13 адам, оның ішінде 12 жасар қыз, тәжік жақтан 9 азамат қаза тапқан, 100-ден астам адам жарақаттанды, үш ауылдың тұрғындары басқа елді мекендерге көшірілген. 

 

Қақтығысқа не түрткі болды?

 

BBC хабарлауынша, шекара маңындағы «Головной» су тарату аумағында Тәжікстан азаматтары бақылау камераларын орнатқан. Бұл пункт екі мемлекетке су өткізіп отыр. 

 

Қырғызстандықтар бұған қарсы шығып, камералар орнатылған бағаналарды кесе бастаған. Кейін тәжік және қырғыз ауылдарының тұрғындары бір-біріне тас лақтырып, артынан әскерилер қосылып, оқ атқан. 

 

Екі мемлекет бірінші болып оқ атты деп бір-бірін кінәлады. 

 

29 сәуірдің кешкісі елдер келісімге келіп, әскерін қайтара бастады.

 

Проблемаға толы аймақ 

 

Екі мемлекет кезінде КСРО құрамында болған еді. Одақ құлағаннан бері олар 400 шақырымдай шекарасы нақты қай жерде өтетінін шеше алмай келеді. Осының кесірінен сол маңда тұратын азаматтар жер-суға таласып, кейде дау-жанжал қарулы қақтығысқа ұласып жатады.

Поделиться

Нет комментариев.

30/04/2021 11:47
43785 0

Уведомление