Шах және мат. Қаршадай қыздың жүйемен күресі жалғасуда

Бибісара Асаубаеваның министр Абаев және шахмат федерациясымен күресі жалғасуда


27/06/2022
15:02 32146 0

Шахматшы Бибісара Асаубаеваның мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев және шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайновпен 3 миллиард теңге төңірегіндегі текетіресі жалғасуда.  

 

Даудың басы Бибісара Асаубаеваның «федерация басшылығы шахматшыларды президентпен кездесуде 3 миллиард теңге сұрату үшін пайдаланбақ болды» деген постынан басталған. Бұл пост әлеуметтік желі мен БАҚ-та қызу талқыланып, артынша  шахмат федерациясы бастап, министр қостап кезек-кезек мәлімдеме жасаған. 

 

Министр Абаев Асаубаев мәлімдемесін ашу үстінде айтып, мәселені дұрыс түсінбей қалған болар, федерация ешқандай ақша сұраған жоқ деген. 

 

—Ешкім ешқандай ақша сұраған жоқ. Даму жөнінде арнайы бағдарлама бар, соны бекіткілері келеді. Шахмат спортын дамыту барысында қандай да бір шара болатын болса, ол қаржыландыралады. Бибісары Асаубаеваны да түсінуге болады, мүмкін ол ашу үстінде болған шығар. Бибісары Асаубаев, Жансая Әбдімәлік және Ғалым Құсайнов барлығы Қазақстан шахматын дамытуға өз үлестерін қосуда, — деді Абаев.

 

Шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайновтың мәлімдемесі министр Абаевтың сөздерімен үндес болған. Ол «федерация үкіметтен 3 миллиард теңге сұрамақ болды» деген ақпаратты жоққа шығарып, Бибісара мәселені дұрыс түсінбей қалды деп мәлімдеген. 

 

—Бибісара Асаубаеваның посты қоғамда қызу талқыланғандықтан жеке түсініктеме беруді талап етеді. Мен 3 миллиард теңге жөніндегі ақпаратты жоққа шығарғым келеді. Біз үкіметтен федерация жұмысы үшін ондай қажы сұраған жоқпыз. Бибісара көршілес Өзбекстан мысалын дұрыс түсінбей қалған шығар, — деді Құсайнов.

 

Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева кеше әлеуметтік желіде тағы да мәлімдеме жасады. Онда ол осыған дейін министр Абаев пен шахмат федерациясының президенті Құсайнов айтқан сөздермен келіспейтінін айтты. Асаубаева «қажет болса барлығымыз өтірік детекторынан өтейік, шығынын өзім төлеймін» деді. 

 

 Мен гроссмейстермін, санасы сергек, есте сақтау қабілеті анық кәмелеттік жасқа толған спортшымын. Мен ешқашан қателеспеймін және ешнәрсені ойдан құрастырмаймын. Министр мырза айтқандай, ашу үстінде ешқандай қадам жасамаймын. Мен Қазақстан мен Өзбекстанды және олардың федерацияларын шатастырмаймын. Құсайнов пен Садуақасов мырзалар менімен бірге өтірік детекторынан өту мерзімі мен уақытын белгілесін. Шығынданудың қажеті жоқ, үшеуміздің де шығынымызды мен төлейін. Енді маған Олимпиадаға дайындалуға рұқсат етіңіздер,  деді Асаубаева.

Поделиться

Нет комментариев.

27/06/2022 15:02
32146 0

Уведомление