Популярные тэги

Үш жылда алғаш рет: Қостанайда үшем дүниеге келді

Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді.


30/01/2026
11:23 26 0

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл соңғы үш жылда тұңғыш рет дүниеге келген үшем.

 

Жаңа туған нәрестенің анасы 31 жаста. Қостанай ауданында тұратын Шарапиевтер отбасында бұған дейін үш ұл өсіп келе жатқан болса, бір күнде отбасы бірден үш қызбен толықты.

 

Жаңа туған сәбилердің екеуінің салмағы 2600 грамм, үшіншісі – 2300 грамм. Үшемдердің бойы бірдей – 49 сантиметр.

 

Облыстық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, ананың да, балалардың да жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда. Үшемнің анасы Сымбат Шарапиева жүктілік кезінде бірнеше рет емделіп, босанған Қостанай облыстық ауруханасының ұжымына алғысын білдірді.

 

Мамандар көпұрықты жүктілік кезеңінде де, босану кезінде де жоғары қауіп тобына жататынын, мұндай жағдайда тұрақты медициналық бақылау мен перинаталдық көмектің жоғары деңгейі қажет екенін атап өтті.

Поделиться

Нет комментариев.

30/01/2026 11:23
26 0

Уведомление