Сайлау қарсаңында белсенділерді қамау жиіледі

Белсенділер бұны саяси қудалау деп бағалауда


16/11/2022
13:20 25334 0

Сайлау қарсаңында белсенділерді полицияға шақыру және 15 тәулікке қамау жиіледі. 

 

15 қарашада Алматыда саяси белсенді тіркелмеген «Алға, Қазақстан» оппозициялық партиясы бастамашыл топ мүшесі Әсет Әбішев 15 тәулікке қамалды. Оған «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деген айып тағылған. 

 

Сот шешімінде Әбішевтің 16 тамызда Фейсбук желісінде видео жариялап, халықты «рұқсат етілмеген митингіге» шақырды делінген. Сотта белсенді өзіне тағылған айыппен келіспеді. Белсендіні полиция дүкенге шыққан жерінен ұстаған. Оған дейін Әбішев әлеуметтік желіге полицейлердің үйін күзетіп тұрғаны бейнеленген видео жариялап, оны «саяси қудалау деп атаған. 

 

20 қараша сайлау күні оппозиция митинг өткізетінін жариялаған. Осыдан кейін ел бойынша белсенділерді ұстап, 15 тәулікке қамау жиілеген.

 

15 қарашада Жаңаөзенде «Өзенмұнайгаз» компаниясының жұмысшысы Естай Қарашаев алты тәулікке қамалды. Сейсенбі күні Шығыс Қазақстан облысында белсенді Серік Ыдырышевті полиция үйінен алып кеткен. 16 қарашада Көкшетауда Уәлихан Негметов пен Алмагүл Құдайбергенованың үйіне полиция барып, шақырту тапсырған. Алматыда заңгер Асылбек Қараев 18 тәулікке қамалды. 

 

 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

16/11/2022 13:20
25334 0

Уведомление