«Саяси тұтқын» Кенжебек Әбішев аштық жариялады

Ол «өмірімнің еш мәні қалмады» дейді өз хатында


13/04/2021
11:28 38774 0

Кенжебек Әбішев оң жақта. Фото: bureau.kz.

«Саяси тұтқын» Кенжебек Әбішев түрмеде аштық жариялады. Мұны Қазақстандағы адам құқығын сақтау жөніндегі халықаралық бюроның қызметкері Инга Иманбай Facebook-те хабарлады

Әбішев өзі отырған түрменің бастығы мен президент Қасым Жомарт Тоқаевқа арнап хат жазған. Бір данасын Бюроға жолдаған. Онда ол заңсыз сотталғанын, сот мерзімінен бұрын босап шығу өтінішін қанағаттандырмағанын, түрменің тиісті деңгейде дәрі-дәрмек бермейтінін, соның кесірінен ауруы асқынып кетіп, «өмірімнің еш мәні қалмады» деп аштық жариялағанын айтады. 

Кенжебек Әбішев 2018 жылғы 21 желтоқсанда «терроризмді насихаттады» және «ұлтаралық алауыздықты қоздырды» деп жеті жылға қамалған еді. Былтыр оның жаза мерзімі 8 айға қысқарды. 10 наурызда тұтқын мерзімнен бұрын босап шығу туралы өтініш жазып еді, бірақ сот қанағаттандырмады.  

Біз бұрын саяси тұтқын кім екенін, оның басқа тұтқындардан қандай айырмашылығы барын айтқанбыз. Оқи отырыңыз.

Поделиться

Нет комментариев.

13/04/2021 11:28
38774 0

Уведомление