Саяси тұтқын деп танылған Қайрат Қылышев ауруханада жатыр

Бүйрегіне суық тиген дейді құқық қорғаушылар


21/10/2021
11:41 39480 0

Фото: azattyq.org

 

Саяси тұтқын деп танылған Қайрат Қылышев бүйрегіне суық тигізіп, түрме ауруханасына түскен дейді құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина. 

 

«Тергеу изоляторы-18 мекемесінің іші салқын болғандықтан бүгін (20 қазан — ред.) Қайрат Қылышевтің екі бүйрегі ауырып, медицина бөліміне жатқызылды», — дейді Төреғожина. 

 

Тұтқынның жұбайы Жанар Сарықұлова күйеуінің жағдайы жақсы екені, ауруы асқынып кетпегенін айтады. Оған сенсек, Қылышев бұрын бүйрек ауруына шалдығып көрмеген. 

 

«Азаттық радиосы» түрме басшылығынан ресми ақпарат сұрап, сауал жолдаған. Бірақ жауап келмеген. 

 

11 қазанда Қайрат Қылышев тыйым салынған ұйымға қатысы бар деген айыппен бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сол сотта «Көше» және «Қазақстанның демократиялық таңдауына» қатысы бар деген 13 белсенді сотталды. Қылышевтан бөлек, тағы үш адам бес жылға түрмеге қамалды. 

 

Олардың барлығын құқық қорғаушылар саяси тұтқын дейді. Саяси тұтқын деген кім екенін мына жерден біліңіз.

 

Поделиться

Нет комментариев.

21/10/2021 11:41
39480 0

Уведомление