Саясат туралы 5 телехикая

Қазақстанда және шетелде түсірілген саясат туралы сериалдарға шолу жасадық


29/09/2020
13:27 7448 0

Саяси интригалар мен билік өкілдерінің іс-әрекеті туралы телесериалдар артып жатыр. Біз сіздер үшін солардың ең қызық деген бесеуін таңдап алдық. 

 

Бұған дейін біз саясаттағы әйелдер туралы телехикаяларға жеке топтама арнадық

 

House of Cards (АҚШ, 6 маусым)

 

 

Саясат жайлы телехикаялардың кез келген тізімінде осы сериал бірінші орында тұрады. Барак Обама сүйіп көретін сериалдардың бірі. 

 

Демократиялық партияның өкілі Фрэнк Андервуд өзін мемлекеттік хатшы қылам деп уәде берген Гаррет Уокерге АҚШ-тың президенті болуға жәрдемдеседі. Уокер президент болады, бірақ сөзінде тұрмайды. Енді бас кейіпкер одан әйелі, экологиялық ұйымның басшысы Клэр Андервудпен бірге кек алмақ.  

 

Show Me a Hero (АҚШ, 1 маусым)

 

 

Америка жазушыcы, журналист Лиза Белкиннің кітабы желісімен түсірілген сериал. Басты кейіпкер Николас Васиско — Йонкерс деп аталатын кішкентай қаланың мэрі. Ол сайлауалды кампаниясында тұрғын үй мәселесін шешемін деп уәде берген еді. Кейін оларды шешу біраз қиынға соғады. Сот элитаға арналған ауданда кедейлерге үй салып беру туралы шешім шығарды. Бұған қала тұрғындары қарсы шықты. Мэрдің бұдан басқа да проблемалары жетіп жатыр: жұмыссыздық, өршіп тұрған қылмыс, расизм. Енді мэр не істемек? 

 

Тар заман (Қазақстан, 1 маусым)

 

 

Кеңес билігінің қазақ даласына келуі, Мұстафа Шоқай, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейхановтардың Алашорда үкіметі мен әскерін құруға талпынысы, Алаш зиялылары саяси көзқарасының екіге бөлінуі, Сталиннің Бөкейхановты Мәскеуге шақыруы,  тұтқындалуы — барлығы осы 12 сериялы фильмде көрсетіледі. 

 

Boss (АҚШ, 2 маусым)

 

 

Сериалдың басты кейіпкері —  Чикаго мэрі Том Кейн. Жақында ол өзінің деменцияға шалдыққанын білді. Оған қала мәселелерін шешу қиынға соға бастады, бірақ мэр басшылықтан кетер емес. Ауруын ешкімге айтпайды. Қала губернаторын сайлау жақындап қалды. Оның қарсаңында Томның билікті асыра пайдаланғаны және басқа да қорқынышты қылмыстары су бетіне шыға бастайды. 

 

Okkupert (Норвегия, 3 маусым)

 

 

Парсы шығанағындағы соғыс дүниежүзінде мұнай дағдарысына себеп болды — «қара алтын» өндіру бойынша алдыңғы қатардағы Норвегия мұнай өндіруді тоқтатты. Ал оған мұқтаж Ресей Еуропа одағының келісімімен Норвегияға басып кіреді.    

 

«Уақытша» оккупацияның ресми сылтауы — мұнай мен газдың Еуропаға үздіксіз берілуін қамтамасыз ету. Бірақ Ресейдің басқа мақсаты бар — ол Норвегиядағы мұнай өндірісін өз бақылауына алғысы келеді.

 


 

Иллюстрация: Лейла Тапалова

Поделиться

Нет комментариев.

29/09/2020 13:27
7448 0

Уведомление