Саясат пен тарих туралы қазақша 5 кітап

Мемлекеттік қызмет, реформашылар, Жаңаөзен оқиғасы


17/08/2021
14:03 10087 0

Басқа елдердің реформашыларын, Қазақстан тарихынан үзінді мен мемлекеттік қызмет не екенін айтып беретін қазақша бес кітапты бір жерге жинадық. 

 

Нұрлыбек Жеңісбек, «Елтұтқа»

 

 

Мемлекеттік қызмет туралы шынайы, түрлі пікірталас туғызатын кітап. Оқырман әрбір мемлекет қызметкерінің үстелінде тұруы керек дейді. 

 

Сейдахмет Құттықадам, «Ұлтқа қызмет ету» 

 

 

Бұл кітап дүниежүзіне үздік реформашы деп танылған мемлекет басшылары жайлы. Маргарет Тетчір, Ли Куан Ю, Нелсон Мандела, Ататүрік секілді қайраткерлердің билік жолындағы қиындықтары мен басынан өткені баяндалады. Кітаптың стилистикасы ерекше, оқуға жеңіл. 

 

Сара Камерон, «Аштық жайлаған дала» 

 

 

Америкалық тарихшы Сара Камеронның кітабы. Қазақшаға саясаттанушы Досым Сәтбаевтың жеке қоры аударған. 

 

Туынды 1921–1934 жылдары Қазақстанда болған Ашаршылық пен жұтты баяндайды. Сұм кезді өз көзімен көрген адамдардың әңгімесінен бөлек, сол аштықтан қанша адам көз жұмғанын, жұтқа не түрткі болғанын оқи аласыз.



Біз бұрын 3 миллиондай қазақ қырылған осы аштық туралы бар білгенімізді жазған едік. Оқи отырыңыз. 

 

Оразақ Смағұлов, «Қазақтың айбарлы диссиденті» 

 

 

Кеңес диссиденті, журналист Мақмет Құлмағамбет туралы шығарма. 

 

Құлмағамбет кезінде халықты кеңес билігіне қарсы үгіттеген деген желеумен жеті жыл лагерьге қамалған. 

 

Жинақта журналист туралы естеліктер, өзі жазған өмірбаяны, лагерь мен түрмедегі тіршілігі, шет елге көшкені, «Азаттық радиосындағы» жұмысы баян етілген. 

 

Ырысбек Дәбей, «Қоңыз»  

 

 

Жаңаөзендегі қырғынға ұласқан мұнайшылар ереуілі туралы роман. 

 


 

Жаңаөзен оқиғасы — 2011 жылы болған жұмысшылар ереуілі. Жаңаөзен мұнайшылары жалақысы азайтылғанына шағымданып жеті ай бойы орталық алаңға шығып, аштық жариялап жүрді. 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған концертте жаппай тәртіпсіздік басталып, кемі 17 адам оққа ұшырап қаза тапты. Әлі күнге дейін тәртіпсіздікті кім ұйымдастырғанын ешкім білмейді. 

 


 

Бұрын-соңды бұл тақырыпта ешқандай көркем шығарма басылып шықпады. Автор кітапты баспақ болып бірнеше баспаханаға барған, ондағылар тақырыбын көрген бойда «басын ала қашқан».

 


 

Иллюстрация: Лейла Тапалова

Поделиться

Нет комментариев.

17/08/2021 14:03
10087 0

Уведомление