Сараптама: Әлия Назарбаеваға тиесі «Оператор РОП» директоры өз-өзіне қол жұмсамаған, оны өлтірген

Экс-президенттің қызы елден 312 млн доллар шығарған


10/04/2023
14:02 19307 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаевамен қатысы бар «Оператор РОП» компаниясының бұрынғы директоры Руслан Шамшиев өз-өзіне қол жұмсамаған. Оны өлтірген. Бұл жөнінде саяси белсенді Санжар Боқаев мәлімдеді. 

 

– «Оператор РОП» ЖШС директоры Руслан Шамшиевтің өлімі тергеудің бір жылдан бері бізді сендіргісі келгендей өз-өзіне қол жұмсаудан болмағанын Мәскеуде жасалған сараптама көрсетті. Менің қолымда өз-өзіне қол жұмсау нұсқасын жоққа шығаратын Мәскеуде жасалған тәуелсіз сараптаманың қорытындысы бар. Онда оның желке тұсынан соққы іздері, мойнында қылқындыруға ұқсас іздер табылғаны жөнінде жазылған. Трасология іздердің көлденеңнен орналасқанын және онда жұлқып тарту белгілері барын анықтаған. Адам асылып өлсе бұндай белгілердің болуы мүмкін емес..., – деп жазды Боқаев өзінің телеграм арнасында. 

 

Жазбада ол келтірілген дәлелдерге байланысты Мәскеуде жасалған сараптаманы қылмыстық іске тіргеуді, істі «адам өлтіру» бабына ауыстыруды, орындаушыны және тапсырыс берушіні табуды сұрады. 

 

Руслан Шамшиевтің қайтыс болғаны туралы ақпарат 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін тараған. 25 қаңтарда Астана полиция департаменті бұл ақпаратты растаған. 18 қаңтарда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаеваның Қазақстаннан 312 миллион доллар қаржыны алып шығу жолы туралы дерек анықталғаны белгілі болған. 19 қаңтарда «Оператор РОП» компаниясының утильалымдарын жинауына тыйым салынғаны айтылған. 

Поделиться

Нет комментариев.

10/04/2023 14:02
19307 0

Уведомление