Сара Назарбаева негізін қалаған институт атауын өзгерту ұсынылды

Ол «Өзін-өзі тану» пәнінің де авторы болған


02/06/2023
14:13 12620 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

1 маусымда жарияланған үкімет қаулысы жобасында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева негізін қалаған Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының атауын өзгерту жөнінде ұсыныс айтылды. Жобада институтты «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты деп атау ұсынылған. 

 

Институт бұған дейін Сара Назарбаеваның авторлығымен жасақталған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыру мекемесі ретінде жұмыс істеген. Былтыр сол кездегі ғылым және білім министрлігі келесі жылдан бастап аталмыш пәнді оқу келесі жылдан бастап міндеттелмейді деп мәлімдеген. «Өзін-өзі тану» пәні мектеп бағдарламасына міндетті пән ретінде енгізілген. 

 

82 жастағы Сара Назарбаева күйеуі Нұрсұлтан Назарбаев президент болып тұрған кезеңнің соңғы жылдарында ел алдында шықпай кеткен. Күйеуімен бірге шетелдік сапарларға, жиындарға барған жоқ. 

 

Ақпарат құралдары Сара Назарбаева тегін қыз кезіндегі қайтадан ауыстырғаны жөнінде жазған. Қаржы министрлігінің есебінде Назарбаевтың әйелі және оның үш қызының анасы Сара Алпысқызы Қонақай деп жазылған. Ал Тұңғыш президенттің ресми сайтында Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Алпысқызы Назарбаева деп көрсетілген. 

 

Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа отбасы бары жөніндегі сыбыс ақпарат құралдары мен ел арасында бұрыннан айтылады. ОССRP ұйымының журналистік зерттеуінде Назарбаевтың екінші бейресми әйелі 41 жастағы Әсел Құрманбаева екені айтылады. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

02/06/2023 14:13
12620 0

Уведомление