Самат Әбіштің ісі сотқа жіберілді

Оған «билігі мен қызметін асыра пайдалану» бабы бойынша айып тағылған


15/01/2024
13:03 8535 0

 

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бұл жөнінде ҚазАқпарат хабарлады. 

 

Бас прокуратура бұрынғы ҰҚК төрағасының орынбасары Самат Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын хабарлады. Іс ҚР ҚК 362-бабының 4өлігі бойынша сотқа жіберілген. 

 

– Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі С.Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағанын хабарлаймын. ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа жолдады, – делінген ведомство өкілі Ризабек Ожаровтың мәлімдемесінде. 

 

Қылмыстық істе Самат Әбішке билігі мен қызметін асыра пайдалану айыбы бойынша күдікке іліккен. Оған ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қабылданған. 

 

ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов былтыр 18 жылға сотталған. Оған Қаңтар оқиғасы кезінде «Мемлекеттік күшпен басып алмақ болды» және «қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» баптары бойынша айып тағылған. Кәрім Мәсімов Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серіктерінің бірі болған. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

15/01/2024 13:03
8535 0

Уведомление