Саакашвили: Иванишвили Грузияны Путинге беріп жатыр

Ресей Иванишвилиге екі миллиард доллар берген


06/03/2023
15:14 14019 0

Фото: Ашық дереккөзден

Грузияның бұрынғы президенті, «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыппен алты жылға соттталып, қамауда отырған Михаил Саакашвили немістің Bild басылымына сұхбат берді. Ол онда өзіне үстінен қылмыстық істің қозғалуына «Ресей президенті Владимир Путин шешуші рөл атқарды» деп мәлімдеді.

Саакашвили өзінің «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» партиясы 2012 жылы сайлауда жеңіліп, биліктен айырылғанына Ресейдің астыртын жүргізген аса ауқамды арнаулы операциясы себеп болды деді

– Олар сайлау алдындағы кампаниясы үшін Иванишвилиге (миллиардер, қазір Грузия билігіндегі «Грузин арманы»партиясының негізін қалаушы) екі миллиард доллар берді, – дейді Саакашвили. 

Оның сөзінше, сайлау алдында грузин миллиардері Ресейдегі активтерін жылдам сатып жіберген.

Поделиться

Нет комментариев.

06/03/2023 15:14
14019 0

Уведомление