Құрлық әскері институтының курсанты қарауыл постынан өлі күйінде табылды

Қаза болған курсанттың аты-жөні, қайдан екені айтылмады


03/03/2023
11:30 15949 0

Фото: Ашық дереккөзден

3 наурызда құрлық әскері институтының курсанты қарауыл постынан өлі күйінде табылды. Бұл жөнінде жұма күні қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

– Оқиғаның мән-жайын анықтауға құрлық әскері бас қолбасшысы бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді, – деп жазылған хабарламада. 

Ведомство өзге ақпарат тергеу құпиялылығына байланысты жарияланбайтынын хабарлады. Қаза болған курсанттың аты-жөні, қайдан екені айтылмады. 

Құрлық әскері институты Алматыда орналасқан. Мекеменің ресми сайтында «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы құрлық әскері әскери институты Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің қарулы күштері үшін әскери кадрларды бірлесе даярлайтын оқу орындардың қатарына еңгізілген» деп жазылған.

Поделиться

Нет комментариев.

03/03/2023 11:30
15949 0

Уведомление