Риддерде төтенше жағдай жарияланды


07/11/2022
10:50 20588 0

Риддер қаласында төтенше жағдай жарияланды. 

Жылу электр орталығындағы апат салдарынан 22 мың отбасы жылусыз қалған. Мектептер қашықтан оқуға ауыстырылады. Балабақшалар уақытша жұмыс істемейді. 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қазір Риддер қаласында жүр. 

Қарашаның 5-і күні Риддердің ЖЭО апат болып, салдарынан жылу тасымалдағыш +39 градусқа (жоспар бойынша ол +70 градус болуы тиіс) түсіп кеткен. 

Поделиться

Нет комментариев.

07/11/2022 10:50
20588 0

Уведомление