Республикалық партия Дональд Трампты екінші президенттікке ұсынды

Ал вице-президенттіктен Майк Пенс үміткер


25/08/2020
11:37 41059 0

Фото дереккөзі: РИА Новости

 

Республикалық партия АҚШ президенті Дональд Трампты екінші президенттік мерзімге ұсынды. Бұны РИА Новости хабарлады.

 

Партия ішінде дауыс беру онлайн өткен. Онда Трампты үміткерлікке ұсынуға 1 276 делегат дауыс берген. Ал вице-президенттіктен қазіргі вице-президент Майк Пенстің үміткерлігін барлығы қолдаған. 

 

Трамп сайлауға өз партиясы атынан қатысатынын 27 тамызда ресми түрде хабарлайды

 

АҚШ президентін сайлау 3 қарашада өтеді. Дональд Трампқа Демократиялық партиядан Джо Байден қарсылас болмақ.

 

Поделиться

Нет комментариев.

25/08/2020 11:37
41059 0

Уведомление