Ресейде әскери комиссариаттар мен әкімшіліктер өртенуде

Мордовияның Рузаевка қаласында әскери комиссариат басшысының көлігін өртеп жіберген


26/09/2022
12:16 27639 0

Ресейде өртенген әскери комиссариаттар мен әкімшілік ғимараттар көбейе бастады. Бұл жөнінде ресейлік БАҚхабарлауда.

 

Жергілікті БАҚ мәліметінше, бір тәулікте Ленинград облысында Кировское әскери комиссариаты мен Сяськелевск әкімшілігі өртелген. Өрт қойған адамдар молотов коктелі мен бензин канистрін пайдаланған. 

 

Нижегород, Мордовия, Калининград облыстарында да осындай жағдайлар болған. Мордовияның Рузаевка қаласында әскери комиссариат басшысының көлігін өртеп жіберген. Өткен аптада осыған ұқсас жиырмадан астам өрт болған.

 

21 қыркүйекте Владимир Путин Украинадағы соғысты жалғастыру үшін елде ішінара мобилизация жариялаған. Кейіннен қорғаныс министрі Сергей Шойгу «300 мың адам әскерге алынады» деп мәлімдеген. Кейбір БАҚ құралдары әскерге 1 миллион адам алынады деген ақпарат таратуда. 

 

Мобилизация жарияланған соң Ресейдің ондаған қаласында соғысқа қарсы наразылық жиындары өткен. Жексенбінің кешіне қарай екі жарым мыңнан астам адам қамауға алынған. Ресейдің ондаған мың азаматы шетелге қашқан. Оның бір бөлігі Қазақстанға келген.

 

 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

26/09/2022 12:16
27639 0

Уведомление