Ресей дефолтқа ұшырады

Ресей соңғы 100 жылда алғаш рет дефлотқа ұшырады


27/06/2022
10:47 24295 0

Фото: Ашық дереккөздерден.

 

Ресей сыртқы міндеттемелерін ордауда 100 жылда алғаш рет дефолтқа ұшырады. Бұл жөнінде Bloomberg басылымы хабарлады. 

 

— Ресей шет ел валютасымен өтеуі тиіс шетел қарыздарын соңғы 100 жылда тұңғыш рет қайтара алмай, дефолттық жағдайға жетті. Бұл Батыс елдері салған санкциялардың шарықтау шегі, ол шетелдік кредиторлар алдындағы берешегін қайтара алмауда, — делінген басылым хабарында.

 

Жексенбі күні 100 миллион доллар көлеміндегі берешектің жеңілдік кезеңі аяқталған. Қарыз 27 мамырға дейін қайтарылуы тиіс болған. Бұл жағдайда берешекті уақытылы қайтара алмаған тарап дефолт деп танылады. 

 

—Елдің еурооблигациялары проблемалық деңгейде саудалануда. Наурыз айынан бері орталық банктың валюта резерві бұғатталған. Ал ірі банктердің барлығы әлемдік қаржы жүйесінен шеттетілген. Бірақ, экономика мен нарыққа келген шығындарға қарап, дефолт әзірге символикалық сипатқа ғана ие. Ол қарапайым ресейліктерге қатты әсер етпейді. Себебі олар онсызда инфляция мен экономикалық қиындықтарға тап болуда, — делінген мақалада.

 

Ресей өзін дефолт деп тануға қарсы шыққан. Ол қарыздарын өтеуге қаржысы жеткілікті екенін, 40 миллион доллар берешекті рубльмен қайтаруға дайын екенін мәлімдеген. Бұған қоса, ол қалыптасқан «форс-мажорлық» жағдайды сынап, Батыс елдерінің іс-әрекетін айыптады. 

Поделиться

Нет комментариев.

27/06/2022 10:47
24295 0

Уведомление