Ресей Беларусьтегі ахуалды бақылау үшін құқық қорғау қызметкерлерінен резерв құрған

«Олар жағдай у шықпайынша араласпайды» дейді Путин


27/08/2020
17:16 46555 0

Фото: dw.com

 

Ресей Беларусь үшін құқық қорғау органдары қызметкерлерінен резерв дайындап қойды. Бұны ел президенті Владимир Путин «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты деп РБК хабарлады. 

 

— Александр Лукашенко менен құқық қорғау органдарынан резерв құруымды өтінді, — деген Ресей президенті. 

 

Оның айтуынша, қызметкерлер Беларусьтегі жағдайға наразылықтардағы «экстремистік элементтер» белгілі бір шектен шықпайынша, наразылар «банк, үй, көліктерді өртемейінше» араласпайды. 

 

9 тамызда Беларусьте президентті сайлау өтті. Ресми дерек бойынша, онда елді 26 жыл басқарған Александр Лукашенко жеңіске жеткен. Көптеген азаматтар сайлау қорытындысы бұрмаланған деп, митиңдерге шығып жатыр. Мыңдаған адам ұсталып, бірнеше наразы қаза тапты.

 

Поделиться

Нет комментариев.

27/08/2020 17:16
46555 0

Уведомление