Рэпер Qarakesek мәжбүрлі емге жіберілді
Кеше ол сот отырысына келмеген,бүгін оны полиция қызметкерлері күштеп жеткізді.
Ақтөбе соты Qarakesek сахналық атымен танылған рэпер Омар Амантаевқа үкім шығарды.
Сотта Амантаев шамамен бір жылдан бері есірткі қолданатынын мойындады және емделуге ниетті екенін айтты.
– Кінәмді толық мойындаймын. Синтетикалық затты тауып алдым. Сататын ойым болған жоқ, – деді рэпер.
Сот шешімі
Сот шешімі бойынша Амантаев психотроптық заттарды сату мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалып, психиатрдың бақылауында мәжбүрлі ем қабылдау міндеттелді. Сондай-ақ ол пробация қызметінің есебіне қойылады. Егер қоғамдық жұмыстардан жалтарса, өтелмеген сағаттар қамауға алмастыруы мүмкін.
Қашан ұсталды?
Омар Амантаев 31 жаста. Ол Батыс Қазақстан облысының тумасы. Отбасылы, төрт баланың әкесі. Qarakesek лақап атымен өнер көрсетеді.
Өткен жылдың тамыз айында рэпер есірткілік мас күйінде көлік тізгіндеп жүрген жерінен ұсталған. Тексеру кезінде оның жанынан 0,26 грамм мефедрон табылған. Сараптама бұл заттың есірткі екенін растаған.
20:00
32
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.