Жалақы алу үшін бастық айтқан банктің картасын ашуға міндеттімін бе?

Заңгер не дейді? 




Мұндай нюанс еңбек заңнамасында қарастырылмаған. Бәрі жұмысшы мен жұмыс беруші жасасқан келісімшартқа байланысты. 

 

Онда жұмыс беруші жалақыны өзі таңдаған банктің картасына аударып отырады деген пункт болса, жұмысшы соған бағынуға міндетті. Еңбек кодексінде бұған тыйым салынбаған. 

 

Сондықтан қол қояр алдында келісімшартты мұқият оқып шығу қажет. Егер ұнамаған жері болса, жұмыс берушіге айтып, келісіп алыңыз.

 

Бірақ қол қойсаңыз да, бастығыңызға банкті өзіңіз таңдайтыныңызды айтып өтініш жазып көріңіз. Бәлкім, рұқсат беріп қалар. Мұны жалақы төленетін уақытқа кемі 10 күн қалғанда істеген жөн. 

 

Егер келісімшартта банкті жұмыс беруші таңдайды деген пункт болмаса, есеп бөліміне барып жалақымды белгілі бір картаға алып отырамын деп ескертіңіз, банк реквизиттерін беріңіз. 

 

Егер жұмыс беруші келіспесе, бүйтіңіз: әуелі жұмыста өзге жұшысшылар кіретін келісім комиссиясын құрыңыз. Жұмыс берушінің әрекеті заңсыз екенін айтыңыз. Жұмысшылар кімнің айтқаны дұрыс екенін шешсін. Одан қалаған нәтиже шықпаса, еңбек инспекциясына барыңыз, бастығыңыздың үстінен шағым түсіріңіз. 

 

Болмаса, жұмыс беруші тіркелген жердің сотына барып не онлайн арыз жазыңыз. 


Заңгер Айдана Кусатаева мен еңбек заңнамасынан сарапшы Әсел Дүйсембаеваға алғыс айтамыз 


07/10/2021 13:37 3549 0

07/10/2021
13:37 3549 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление