Сот, полиция, прокуратура: Қайсына қандай жағдайда бару керек?

Полиция, сот, прокуратура — бәрі адам құқықтарын қорғайтын органдар. Бірақ азаматтар кез келген шаруамен прокуратураға не сотқа бара алмайды.  Сондықтан қай кезде полиция, сот не прокуратураға бару керегін айтып береміз.




Полицияға зорлық-зомбылыққа ұшырағанда не өзіңізге қауіп төніп тұрғанда, өзіңіз туралы жаңсақ ақпарат тарап жатса, мүлкіңіз ұрланғанда я бүлінгенде бара аласыз не «102» нөміріне қоңырау шалып шақыра аласыз. Мысалы, көлігіңізді біреу қағып кеткенде оқиға жеріне полиция шақырасыз. 

 

Одан бөлек, азаматтар хабарлауға тиіс қылмыс түрлері бар: кәмелет жасқа толмаған адамды зорлағалы жатқанына не зорлағанына, терракт ұйымдастрылып жатқанына куә болсаңыз, мұны полицияға айтуға міндеттісіз. Әйтпесе, қылмысты хабарламағаныңыз үшін алты жылға дейін түрмеге қамалуыңыз мүмкін. 

 

Жұмыста, отбасында біреумен дауласып қалсаңыз, мысалы, жалақыңызды ала алмай жүрсеңіз, серіктесіңіз келісім шарттарын орындамай жүрсе, туысыңызбен мұра бөлісе алмасаңыз, онда мекенжайыңыз бойынша сотқа тікелей барасыз.  

 

Егер полиция, сот не басқа мемлекеттік орган арызыңызды қабылдамаса не басқа да құқығыңызды бұзса, аудан не қала прокуратурасына жүгініңіз. Ондағылар ішкі тексеріс жүргізіп, кінәлілерді жауапқа тартады. Егер оның шешіміне келіспесіңіз, облыс, кейін Бас прокуратураға барыңыз. 

 

Егер қайда бару керегіне сенімді болмасаңыз, Жедел басқару қызметіне қоңырау шалыңыз. Қызметкерлер қайда бару, хабарласу керегін айтады. Әр облыс, қаланың өз жедел басқару орталығы болады, тиісінше телефон нөмірлері де әртүрлі болады. 

 

Маңызды: болғалы жатқан не болып қойған заңбұзушылықты айтсаңыз, кейін бұл жалған хабар болып шықса, қорықпаңыз. Бұл үшін сізді ешкім жауапқа тартпайды. 


Материалды дайындауға көмектескен, International Major Lawyers адвокаттар кеңсесінің серіктесі Руслан Қожахметке алғыс айтамыз.


11/03/2021 15:05 4094 0

11/03/2021
15:05 4094 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление