Адамды күштеп психдиспансерге жатқызуға бола ма?

Иә, болады. Бірақ туыстардың бір ғана өтініші жеткіліксіз. Олар тек адам емделуі қажет екенін айта алады.




Осы материалды дайындауға көмектескен заңгер әрі MedSupportKz жобасының негізін қалаушы Ақмарал Тұрсыноваға алғыс айтамыз.



2020 жылғы 10 желтоқсанда Астанада (Нұр-сұлтан) Сымбат Құлжағарова бір тұрғын үй кешенінің ауласында өлі күйінде табылды. Ресми мәлімдеге сенсек, қыз өз-өзіне қол салған. Бірақ оның туыстары мен таныстары бұған сенбейді.

 

Өлер алдында Сымбат күйеуінен қоқан-лоқы көрген екен: жұбайы оған «егер ажырасуға өтініш жазсаң, психоневрология диспансеріне жіберем де, балаларыңды тартып алам» деген.

 

Адамды осылай психоневрология стационарына рұқсатсыз жатқызу заңды ма, жоқ па, анықтап көрдік. 

 

Иә, заңды, бірақ туыстары «жатқызыңдар» деді екен деп, адамды күштеп емдеуге болмайды. Олар тек адамға ем қажет екенін айта алады. 

 

Стационарда науқас өзі өтініш білдіргенде не жазбаша келісімін бергенде ғана емделе алады. Бірақ мынадай нюанстар бар. Науқас:

 

  • шок не коматоз жағдайында болса не өз еркін білдіре алмаса;
  • айналасындағы адамдарға қауіп төндіретіндей ауру болса;
  • психикасы ауытқыған болса (шизофрения, клиникалық депрессия), оны станционарға рұқсат алмадан жатқызуға болады.

 

Станционар адамды мәжбүрлеп емдегісі келсе, оған сот шешімін алуға тиіс. Бірақ адамның психикалық ауруы ауыр не әрекетімен қоғамға қауіпті төндірсе, сот шешімін күтпеуге болады. Мұндайда дәрігерлер 48 сағат ішінде прокуратураға не науқастың туыстарына хабарлама жіберуге тиіс.

 

Сотқа берілетін арызда психоневрология диспансерінің әкімшілігі адамды жатқызуға қай заң негіз болғаны мен психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытындысын көрсетуі керек. Заң науқас туыстарының пікірін ескермейді. 

 

Психикалық жағдайы жақсы болса, адам сотқа қатыса алады және сот оған адвокат тағайындауы керек.

 

Егер сот арызды қанағаттандырса, науқас алты айға дейін диспансерде болады.

 

Ал алты ай өткеннен кейін мәжбүрлеп емдеу мерзімі ұзартыла ма, жоқ па, оны сот шешеді. 

 

Шок не кома жағдайда келген науқасты дәрігелер комиссиясы 48 сағат ішінде тексеруі керек. Кейін олар оны күштеп станционарға жатқызу керек пе, жоқ па, соны шешеді. 

 

Егер науқас мәжбүрлі емге қарсы болса, өзі не оның заңды өкілі сотқа жүгіне алады.

 

Адамды психиатрия стационарына заңсыз жатқызу не онда ұстау — қылмыс. Сол үшін 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан, белгілі бір жұмыста істеу құқығынан 3 жылға дейін айырылуға болады

 

Егер азамат ауруханаға заңсыз жатқызылған болса және бұл оның өліміне  себеп болса не денсаулығына үлкен зиян келтірсе, қылмыскер (-лер) 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінде психикасы мен мінез-құлқы ауытқыған адамдар Конституцияда жазылған барлық құқыққа ие екені көрсетілген.

 


08/01/2021 12:40 4178 0

08/01/2021
12:40 4178 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление