Президент қызметтен мерзімінен бұрын кете ала ма?

Иә. ҚР Конституцияның 47 және 48-бабы бойынша, президент екі сценарий бойынша өз орнын уақытынан бұрын босата алады.




1. Сырқаты кесірен міндетін орындай алмаса. Онда парламент арнайы комиссия құрады. Оның құрамына екі палатаның депутаттары кіреді. Мәжілісмендер мен сенаторлар саны тең болуы керек. Шешімді олар палаталардың біріккен отырысында қабылдайды. Егер депутаттардың төрттен үші «президентті босатамыз» десе, президент орнынан кете алады. 

 

2. Оған импичмент жарияланса. Мемлекет басшысы еліне опасыздық жасаса ғана оған импичмент жариялауға болады. Ол үшін Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірі «президентті айыптау керек» деп бастама көтеруі керек. Ал олардың көбі «президентті айыптаймыз» десе, тергеу басталады. Оны Сенат ұйымдастырып, қорытындысын палаталардың біріккен отырысына жібереді. Шешімді парламент депутаттары Жоғарғы сот пен Конституциялық Кеңестің шешімін ескеріп шығарады.

 

Президент кінәлі деп табылса, өз орнын бостады, ал оның міндеті Сенат спикеріне жүктеледі. Бұрынғы президент Н.Назарбаев қызметінен өз еркімен кеткенде, Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев болған еді. 

 

Сенат спикері «міндетті орындай алмаймын» десе, оның орнына Мәжіліс спикері келеді. Ол да президент міндетін орындаудан бас тартса, кезек премьер-министрге келеді. Президент міндетін уақытша кім орындаса да, оның Конституцияға өзгеріс енгізуге құқы жоқ. 

 

Егер парламент айып тағылғаннан кейін екі айда шешім шығармаса, онда президент ақталады. «Президентті айыптау керек» деп бастама көтерген депутаттар өз қызметінен кетеді. 

 

Президент қызметтен тек осы екі себеппен кете алса, Назарбаевтың өз еркімен кеткені заңды ма? 

 

Конституцияда «мемлекет басшысы қызметтен өз еркімен кете алады» деген сөз жоқ. Дегенмен орнын босатар алдында сол Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық кеңестен (Конституцияның орындалуын қадағалайтын, ондағы бап, тармақтарға түсініктеме беретін орган) президенттің отставкаға өз еркімен кетуге құқы бар-жоғын сұраған. 

 

Кеңес былай жауап берді

 

  1. Конституцияда президенттің мерзімінен бұрын қызметтен кетуіне негіздер тізімі толық емес;
  2. Президенттің конституциялық мәртебесі оның қызметтен өз еркімен кетуіне құқық береді.

29/10/2020 11:21 4779 0

29/10/2020
11:21 4779 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление