Мемлекетті сотқа беруге бола ма?

— Иә, болады, — дейді адвокат, Kaplan Lee & Partners адвокаттар кеңсесін басқарушы Александр Каплан.




Бұл жерде мемлекет деп мемлекеттік органдар (әкімдік, полиция, департамент, министрлік, комитет) мен лауазымды тұлғаларды (президент, министр, басқарма басшысы, әкім, олардың орынбасарлары және тағы басқа) айтып тұрмыз. 

 

— Қазақстан азаматы кез келген мемлекеттік органды немесе лауазымды тұлғаны әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін сотқа бере алады. Сотқа тіпті президентті де беруге болады. Мәселен, ол акт шығарды делік. Адам бұл өзінің немесе басқаның құқығын бұзады десе, оның үстінен арыздана алады. Бас мемлекеттік санитар дәрігерді де, оның карантин енгізу бұйрығын да сотқа беруге болады, — дейді заң маманы. — Ал әрекетсіздікке, мысалы, сіз бір істі тергеуге өтініш бергенде тергеушінің үш күн ішінде ешқандай шара қолданбауын жатқыза аламыз. Мұндай қазір жиі кездеседі.   

 

Оның айтуынша, белгілі бір органды (әкімдік, департамент, полиция және тағы басқа) сотқа беру үшін арызды сол орган орналасқан аудандағы сотқа жазу қажет. 

 

— Мемлекетті сотқа берерде ұтылатын міндетті түрде мен боламын деп ойлаудың қажеті жоқ. Менің және әріптестерімнің тәжірибесінде мемлекетті сотқа беру болды және көп арызданушы істе жеңіске жетті. Қажет деп санасаңыз, мемлекетті сотқа беру керек. Мұндай істе адвокаттардың қызметі қымбат болады деп те айтуға болмайды. Бәрі істің қиындығы мен ұзақтығына байланысты, — дейді Каплан.

 


14/10/2020 14:00 4495 0

14/10/2020
14:00 4495 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление