Президент өз бетімен (ешкімнің келісімінсіз) шешім шығара ала ма?

Президент кейбір шешімін өзі, кейбірін Сенат, Мәжіліс не мәслихаттардың келісімімен шығарады




Ескерту: бұл материалды Қазақстан заңнамасына сүйеніп жаздық. Мұнда жазылғандар өмір шындығымен қабыспауы мүмкін :) 

 

Президент мына шешімдерді өзі қабылдай алады: 

 

  • Қарулы күштердің жоғарғы басшылығын тағайындап, босатады;
  • Төтенше не соғыс жағдайын енгізеді;
  • Үкімет, премьер-министрді не министрді отставкаға жібере алады;
  • Конституциялық кеңес, Орталық сайлау комиссиясы мен Есеп комитетінің басшысы мен екі мүшесін тағайындап, орнынан алып тастайды. Негізінен, бұл органдар ешкімге бағынбауы керек. 
  • Облыстар, Астана (Нұр-Сұлтан), Алматы мен Шымкент әкімін қызметтен босатады;
  • Парламент шығарған заңдарға қол қоймаудан бас тарта алады.

 

Қалған шешімді Сенат, Мәжіліс не мәслихаттар келісімімен шығара алады, мысалы, ол әкімдер, Бас прокурор, премьер-министрді осы органдар мақұлдаса ғана тағайындай алады.

 


02/12/2020 12:37 3903 0

02/12/2020
12:37 3903 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление