Путиннің Астанаға келуін сынаған алматылық 15 тәулікке қамалды

Әкімдік митингке шығуға рұқсат бермеген


14/10/2022
10:57 27038 0

Ресей президенті Владимир Путиннің Астанаға сапарын сынап, видео жариялаған Алматы тұрғыны 15 тәулікке қамалды. 

 

Рафик Жарылқасымовты бір күн бұрын Алматының Ақсай ықшам ауданынан ұстаған. Артынша соты өткен. 

 

Sud.kz сайтындағы мәліметке қарағанда, Жарылқасымовқа Әкімшілік кодекстің 488 бабының 7 бөлігі «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу» айыбы тағылған. Сот шешімінде оның «Ресей президенті Владимир Путиннің келуіне қарсы заңсыз митингке шақырғаны бейнеленген видео» анықталғаны жөнінде жазылған. 

 

Бұдан бөлек, құжатта Жарылқасымов «кінәсін мойындады», «құқық бұзушылық жасамадым» деп уәж айтты деп те жазылған.

 

Рафик Жарылқасымовтың ұсталуына Facebook желісінде видео жариялап, Путиннің келуіне байланысты 15 қазанда митингке шығуға үндегені себеп болған. Ол бұған дейін митинг өткізуге қалалық әкімдікке ескерту берген. Бірақ билік оған рұқсат етпеген. 

 

 

Қазақстанға 13 қазанда келген Владимир Путиннің сапары Астанада жалғасып жатыр. 14 қазанда ол ТМД елдері басшыларының саммитіне, бұдан бөлек "Ресей – Орталық Азия" саммитіне қатысады.

Поделиться

Нет комментариев.

14/10/2022 10:57
27038 0

Уведомление