Путин жыл сайын өткізетін баспасөз мәслихатынан бас тартты

Ресей президентінің үлкен баспасөз конференциясы 2001 жылдан бері өтеді, 2005 жылы ғана болмаған


13/12/2022
11:31 17774 0

Ресей президенті Владимир Путиннің жыл сайын өтетін дәстүрлі үлкен баспасөз конференциясы биыл болмайды. Бұл ақпаратты Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков таратты.

 Дегенмен, президент журналистермен сөйлесудің мүмкіндігін табады, – деді Песков. Оның сөзінше, Путин тіпті шетел сапарында да журналистермен кездесіп жүр.

Ресей Украинаға басып кірген соң Путин ресми сапармен небәрі жеті рет шетелге шыққан. Оның біреуін Иранға, алтауын ТМД елдеріне арнаған.

Қараша айында «РБК» газеті «Путиннің дәстүрлі эфирі болатыны, я болмайтыны Украинадағы соғыс барысына байланысты болуы мүмкін» деген болжам жасаған.

Путин Федералды жиында жыл сайынғы үндеуін жасай ма, жоқ па, ол да белгісіз. «Әлі нақтылау керек», – деді Песков. Ол бұған дейін жолдауға дайындық басталғанына біраз болғанын айтқан.

Ресей президентінің үлкен баспасөз конференциясы 2001 жылдан бері өтеді, 2005 жылы ғана болмаған.

 

Поделиться

Нет комментариев.

13/12/2022 11:31
17774 0

Уведомление