Путин Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасасқан шетелдіктерге азаматтық беруді жеңілдетті

Мәскеу миграттарды Украинадағы соғысқа тартуды көздейді


16/05/2023
13:09 17975 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Ресей президенті Владимир Путин Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырған шетелдіктерге азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен беру туралы жарлыққа қол қойды. 

 

Бұл жарлық бойынша, Украинадағы ұрыс қимылдары кезінде бір жылдық келісімшарт жасасқан шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар жеңілдетілген тәртіппен Ресей азаматтығын алуына болады. Бұл тәртіп олардың отбасыларына да жүреді.

 

Ресей билігі осы арқылы ел аумағында жұмыс істеп жүрген Орталық Азиядан келген еңбек мигранттарын Украинадағы соғысқа тартуды көздейді. Бұған дейін БАҚ-та мешіт, көші-қон, жатақхана мен көшелерде мигранттарды әскерге шақыратын үнпарақтардың көбейгені туралы ақпарат тараған. 

 

Ал Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан сыртқы істер министрліктері Ресейде жұмыс істеп жүрген азаматтарын келісімшартқа отырудан сақ болуға шақырған және өзге елдің аумағында соғысқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерткен.

 

Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарамастан, Орталық Азиядан Ресейге барып жатқан мигранттардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артқан. Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың бірінші кварталында елге жұмыс іздеп келгендер саны 300 мың адам болған. Бірақ ресми деректің қаншалықты рас екенін дөп басып айту қиын. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

16/05/2023 13:09
17975 0

Уведомление