Прокурор соттан Жанболат Мамайға жаңа айып тағу үшін уақыт беруді сұрады

Инга Иманбай қудалаудың саяси астары бар екенін айтады


10/01/2023
13:29 22558 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Прокурор оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайға жаңа айып тағу үшін соттан уақыт беруді сұрады. 

 

– Басты сот талқысында айыптаушы тарап куәгерлері берген жауап пен политологиялық сараптама қорытындысын салыстыра келе, құрметті сот, сізден ҚР Қылмыстық-процесуалдық кодексінің 340 бабының 5 бөлігіне сәйкес, мемлекеттік айыптаушыға жаңа айыптау актісін дайындауға уақыт беруіңізді сұраймын, – деді Баймағамбетов сот отырысында. 

 

Судья прокурордың өтінішін қанағаттандырып, келесі сот отырысын 17 қаңтарға белгілерді. 

 

Соттан кейін Жанболат Мамайдың жұбайы Инга Иманбай әлеуметтік желіде күйеуіне тағылған айыптардың жалған, саяси астары бар екенін айтты. 

 

–Біз Жанболат Мамайдың жазықсыз екенін және оған тағылған айыптардың жалған екенін, оны қудалаудың саяси астары бар екенін қайталап айтамыз, – деп жазды Инга Иманбай. 

 

Тіркелмеген Демократиялық партия жетекшісі Жанболат Мамай 8 айдан кейін 2022 жылы 2 қарашада үйқамаққа шыққан. Оған «жалған ақпарат тарату», «билік өкілін қорлау» және «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу» баптары бойынша айып тағылған. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

10/01/2023 13:29
22558 0

Уведомление