Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға соттауды сұрады


25/04/2023
17:46 13808 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Прокурор экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыны сегіз жылға соттауды сұрады. 

 

Астанада өтіп жатқан сот процесінде айыптаушы прокурор Азамат Сәрсенбаев соттан Гүлмира Сатыбалдыны кінәлі деп танып, мүлкін тәркілемей, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. 

 

– Гүлмира Сатыбалдыны қылмыстық кодекстің 389-бабы 4-бөлігі, 28-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, мүлкін тәркілемей, 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын,  деді прокурор.

 

Гүлмира Сатыбалдығы ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабының 3 және 4 бөлігі (өзінше билік ету), 28-бабының 3-бөлігі 1 және 8 тармағы (адамдарды пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам орындаушы деп танылады), 125-бабының 2-бөлігі (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы және пайдакүнемдiк ниетпен адамды ұрлау) бойынша айып тағылған.

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

25/04/2023 17:46
13808 0

Уведомление