Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталады

Азаматтық қоғам мен оппозиция өкілдері сайлау туралы заң мен Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін өзгертпейінше әділ сайлау өтпейді деп есептейді


22/09/2022
12:09 27925 0

Кезектен тыс президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталады. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Константин Петров мәлімдеді. 

– Кандаидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталып,  11 қазан сағат 18:00-де аяқталады, – деді ОСК төрағасы. 

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

- ҚР азаматы болуы;

- ҚР аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы;

- Жоғары білімінің болуы;

- Жасы 40-қа толған болуы;

- Белсенді сайлау құқығының болуы;

- Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

- Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.

Бұдан бөлек, кандидат сайлауға бармас бұрын сайлаушылардың пайызының қолын жинауы тиіс. Қазақстанның жағдайында бұл 118 273 адам. 

Азаматтық қоғам мен оппозиция өкілдері сайлау туралы заң мен Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін өзгертпейінше әділ сайлау өтпейді деп есептейді. Олар президенттікке үміткер адамға қойылған талаптар тәуелсіз кандидаттардың тіркелуіне кедергі жасайды дейді. 

Жоғарыда көрсетілген талаптар мен ережелердің барлығы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында жазылған. Қасым-Жомарт Тоқаев билігі оның ешқайсысын өзгерткен жоқ. 

Поделиться

Нет комментариев.

22/09/2022 12:09
27925 0

Уведомление