Премьер-министр сайлау учаскелеріне бейнекамера қоюға келіспеді

Оның сөзінше, бұл экономикалық тұрғыдан тиімсіз


15/02/2023
11:50 21007 0

 Фото: Ашық дереккөзден

 

Премьер-министр Әлихан Смайылов сайлау учаскелеріне бейнекамера орнатуға келіспеді. Ол бұны экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп атады. Бұл жөнінде Ulysmedia.kz басылымы хабарлады. 

 

– Бейнежабдықтарды сатып алудың экономикалық тиімсіздігі мен орынсыздығын атап өтеміз, өйткені барлық сайлау учаскелерін бейнекамералармен жарақтандыру республикалық бюджеттен қомақты қаражатты талап етеді, – деді ол.

 

Бұған дейін, парламент мәжілісі тарамай тұрғанда «Ақ жол» партиясының депутаты Қазыбек Иса сайлау учаскелеріне бейнекамера қоюды ұсынған. 

 

– Мұндай бақылау дауыс берудің ашықтығының ең жақсы кепілі болады. Сайлаудың қорытындыларына қоғам сенімін арттырады. Барлық қажетті аумақтар мен рәсімдеу орындарын бейнебақылаумен қамту заң бұушылықтарды тіркеуге, сондай-ақ, саяси бәсекелестік күшейген сайын күшейе беретін жанжалды жағдайлардың жолын кесуге мүмкіндік береді. Бейнебақылау камераларын бет әлпетті автоматты тану жүйесімен жабдықтау адамдар әртүрлі сайлау учаскелерінде бірнеше рет дауыс беретін «карусельдерді» анықтауға жол ашады– деген болатын Иса.

Поделиться

Нет комментариев.

15/02/2023 11:50
21007 0

Уведомление