Польшада із-түзсіз жоғалған қазақстандық әйелдің денесі табылды
Екатерины Шилованың мерт болғанын оның туыстары мәлімдеді. ҚР Сыртқы істер министрлігі ақпаратты растады, деп хабарайды Masa media.
Толығырақ
Ведомство мәліметінше, Қазақстанның Польшадағы елшілігі марқұмның мәйітін Қазақстанға жеткізуге көмектеседі.
– Қазақстан Республикасының Польшадағы елшілігі марқұмның туған-туыстарымен, сондай-ақ Польша тарапының құзырлы органдарымен байланыста. Елшілік консулдық-құқықтық мәселелер бойынша қажетті көмек көрсетіп жатыр, оның ішінде мәйітті отанына жеткізу мәселесі де бар, – деп хабарлады министрлік.
Қашан жоғалды?
Қазақстандық әйел 19 ақпанда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Сол күні ол Варшавадан Астанаға ұшуы тиіс болған, алайда рейске отырмаған. Осыдан кейін Екатерина байланысқа шығуды тоқтатқан.
Оның жоғалғанын айтып дабыл қаққан – әпкесі Ирина Геберт. Оның айтуынша, Екатерина күтпеген жерден жоғалып кеткен, ал бірнеше апта бойы оның тағдыры туралы ешқандай ақпарат болмаған. Туыстары әйелді өз күштерімен іздеуге тырысқан, кейін Ирина Қазақстанның Бас прокуратурасына жүгініп, іздеуге көмектесуді сұраған.
12:44
32
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.