Полиция 16 желтоқсанда өтетін митиңдер алдында белсенділерді ұстай бастады

Бес қалада 18 белсенді ұсталған


15/12/2021
18:07 38053 0

Көрнекі сурет. Фото: ehonews.kz

 

Qaharman құқық қорғау бастамасы 16 желтоқсанда өтетін митиңдер алдында 18 белсенді ұсталғанын хабарлады. Олардың көбі — Алматы және астана белсенділері, қалғандары — Шымкент, Степногорск, Талғар мен Орал тұрғындары.

 

Енді «бейбіт жиын ұйымдастыру туралы заңды бұзған» 15 белсенді 10–20 тәулік әкімшілік қамақта отырады. 

 

— Алдын алатын саяси қудалау биылғы 2 желтоқсанда басталды: бес қалада 18 белсенді ұсталды, 14-і саяси себеппен — бейбіт жиын ұйымдастыру туралы заңды бұзды деп қамаққа алынды. Қазақстан билігі бес рет 16 желтоқсанда бейбіт жиын өткізуге рұқсат бермеді (Алматы әкімдігі «карантин» деп екі рет, митиң өтетін жерде іс-шара өтеді деп Орал әкімдігі үш рет мақұлдамаған), — дейді бастама. 

Жыл сайын 16 желтоқсанда Қазақстанның бірнеше қаласында митиңдер өтеді. Жиылған халық 1986, 2011 жылғы оқиғалар құрбандарын еске алады. Биыл осындай митиң өткіземіз деп тіркелмеген Демократиялық партия пен экстремист деп танылған Қазақстанның демократиялық таңдауы жариялады.

Поделиться

Нет комментариев.

15/12/2021 18:07
38053 0

Уведомление