Петропавлда мектепке балта мен пышақ алып барған жасөспірім үш оқушыны жарақаттады

10-сынып оқушысы мектеп дәретханасында киімін ауыстырып, бетперде таққан


13/02/2023
12:16 16147 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Петропавлда жасөспірім мектепке балта мен пышақ алып барып, үш оқушыны жарақаттады. Бұл жөнінде облыстық прокуратура мен полиция департаменті хабарлады. 

 

Оқиға Петропавлдағы №4 мектепте болған. 10-сынып оқушысы мектеп дәретханасында киімін ауыстырып, бетперде таққан. Сөмкесінен ас үй балтасы мен пышақты алып, үш оқушыны жарақаттаған. Қазір жәбірленушілер облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

 

Алдын ала ақпарат бойынша кәмелетке толмаған Д. психиатриялық есепте тұрады. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.

Поделиться

Нет комментариев.

13/02/2023 12:16
16147 0

Уведомление