Павлодарда тіл белсендісі Руза Бейсенбайтегі үйіне оралды


26/01/2024
13:43 9551 0

Фото: Азаттық радиосы

 

24 қаңтарда «күштеп психдиспансерге қамалған» Руза Бейсенбайтегі үйіне оралды. Бұл жөнінде белсенді Абзал Достияров телеграм желісінде хабарлады. 

 

Бұған дейін әлеуметтік желі мен БАҚ-та Павлодарда тіл белсендісі Руза Бейсенбайтегін көшеде жедел жәрдем күштеп алып кеткені жөнінде ақпарат тараған. Кейіннен жергілікті белсенділер оны еркінен тыс психдиспансерге жатқызғанын хабарлаған. 

 

Белсендінің қамалуына байланысты мәжіліс депутаттары Ермұрат Бапи, Қазыбек Иса және т. б ішкі істер министрлігіне сұрау хатын жолдаған. 

 

Руза Бейсенбайтегі Павлодар қаласында ұзақ жылдан бері қазақ тілі мәселесін көтеріп жүрген азаматтық белсенді. Ол ұсталар алдында жеркілікті мейрамханалардың бірі өзін сотқа бергенін айтқан. Осы мәселе бойынша полицияға бара жатқан жолда белгісіз адам арандатып, жедел жәрдем мен полиция шақырған. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

26/01/2024 13:43
9551 0

Уведомление