Павлодарда дүкендер мен «Қазпоштаны» тонаған полицией 10 жылға қамалды

Сотталған істеген бөлімнің бастығы мен оның орынбасары лауазымынан босатылды


09/09/2021
11:35 40118 0

Фото: inform.kz

 

Павлодардың №2 соты дүкендер мен «Қазпоштаны» тонаған полицейді 10 жылға бас бостандығынан айырып, кіші сержант атағынан айырды. Мұны Павлодар соты хабарлады дейді «ҚазТАГ». 

 

Тергеушілердің ақпаратына сенсек, полицей Павлодар станциясында полицияның линиядағы бөлімінде жүргізуші болып істеген, қызмет көлігіне мініп, «Қазпошта», екі дүкен мен микронесие беретін компанияның кассасын тонаған. 

Тонар алдында сотталған киімін ауыстырып, кассашыларға тапаншамен қоқан-лоқы көрсеткен.  

Полицей 12 наурызда ұсталған, кейін Павлодар полициясы ішкі тергеу жүргізген. Қорытындысына сай, линиядағы бөлімнің бастығы мен оның орынбасары лауазымынан босатылған, басқа сегіз қызметкер сөгіс алған. 

 


 

Telegram арнамызға жазылыңыз. 

 


 

Поделиться

Нет комментариев.

09/09/2021 11:35
40118 0

Уведомление