Парламент Назарбаевты ерекше мәртебесінен айыруды қолдады

Депутаттар экс-президенттің қолсұқпаушылық статусына әсер етпейтін заң жобасын мақұлдады


13/01/2023
11:38 17279 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

13 қаңтарда парламенттің бірлескен отырысында депутаттар «Тұңғыш президент – Елбасы» конституциялық заңының күші жойылғанын мойындау туралы заң жобасын бір ауыздан мақұлдады. 

 

– Қазақстанның демократия мен плюрализмге бет алып, терең саяси трансформация жасау кезеңінде, жеке топтардың билікті меншіктеуге жетелейтін қандай да бір тетіктерге жол бермеу маңызды, – деді заң жобасын әзірлеушілердің бірі мәжіліс депутаты Ерлан Саиров

 

Сарапшылар заңның күші жойылғанмен Нұрсұлтан Назарбаевқа берілетін жеке артықшылықтар мен қолсұқпаушылық статусына әсер етпейді деп мәлімдеген. 

 

Осы аптада ҚР Конституциялық соты бір топ депутаттың өтінішінен кейін «Тұңғыш президент – Елбасы» туралы заңның күшін жойған. 

Поделиться

Нет комментариев.

13/01/2023 11:38
17279 0

Уведомление