Популярные тэги

Паралимпиада-2026: бүгін жарыс жолына Қазақстаннан кімдер шығады

Милан, Кортина-д’Ампеццо және Солтүстік Италиядағы бірқатар қалаларда 2026 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды Masa media.  


13/03/2026
11:22 40 0

Жарыстар кестесі

 

Қазақстанның Паралимпиадалық комитеті жеке жарыстардың Астана уақыты бойынша кестесін жариялады. Доданың жетінші күні қазақстандық спортшылар парабиатлон бойынша медаль үшін бақ сынайды.

 

14:15 – Парабиатлон. Қуу жарысы. Ерлер (отырып жарысатын санат), іріктеу. Стартқа Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин бақ сынайды.

 

14:50 – Парабиатлон. Қуу жарысы. Ерлер (тұрып жарысатын санат), іріктеу. Александр Герлиц өнер көрсетеді.

 

16:45 – Парабиатлон. Қуу жарысы. Ерлер (отырып және тұрып жарысатын санаттар), финал. Қатысушылар: Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин, Александр Герлиц.

 

Қайдан көруге болады?

 

Жарыстарды Qazsport, Qazaqstan телеарналарынан тамашалауға болады.

 

Айта кетейік, 2026 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан атынан жеті спортшы екі спорт түрі бойынша өнер көрсетіп жатыр — парабиатлон және парашаңғы жарысы.

 

XIV Қысқы Паралимпиада ойындары 2026 жылдың 6–16 наурызы аралығында Италияда өтеді.

 

Бұған дейін қазақстандық спортшы Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды.

 

Фото: Мейіржан Амангелдиев

Поделиться

Нет комментариев.

13/03/2026 11:22
40 0

Уведомление