Пара Азиада: астаналық ару Жапонияда рекорд орнатты

V Азия Пара ойындарында ел намысын қорғаған Айсұлу Сүлейменова 100 метрге жүгіруден Азияның жаңа рекордын орнатты.


22/10/2026
11:12 0

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, Айсұлу екі аяғының зақымдануына байланысты арнайы жүгіру протездерін пайдаланатын спортшыларға арналған T62 санатында өнер көрсетеді. Алайда өз санатында басқа қатысушылар болмағандықтан, ол бір аяқтың зақымдануына байланысты протез пайдаланатын спортшылар бақ сынайтын T64 санатының өкілдерімен бірге жарысты.

 

Финалдық бәсекеде елордалық спортшы 100 метр қашықтықты 16,18 секундта еңсеріп, жалпы есепте бесінші орынға ие болды. Сонымен қатар, бұл нәтиже оның T62 санатында Азияның жаңа рекорды ретінде тіркелді.

 

 

Осылайша, Айсұлу Сүлейменова біріккен жарыста бесінші орын алғанымен, өз санатында құрлықтық рекорд орнатып, маңызды жетістікке қол жеткізді.

Поделиться

Нет комментариев.

22/10/2026 11:12
0

Уведомление