«Oyan, Qazaqstan» қозғалысы жаңаөзендік мұнайшыларды қолдап онлайн флешмоб бастады

Ұйым мәлімдемесінде биліктің іс-әрекетін сынады


13/04/2023
12:54 19100 0

 

12 сәуірде ұйым Астанада полицияның жұмыс талап еткен 126 мұнайшы мен оқиғадан хабар таратқан журналистер мен фотографтарды ұстағанын айыптап, мәлімдеме жасады. 

 

– Үкімет наразыларға мәселелерін құқықтық шеңберде шешуіне мүмкіндік бермей, қатігездік көрсетті деп санаймыз. Жаңаөзендіктердің мәселелері шешілмей келе жатыр, жұмысшылар еңбек жағдайын жақсартуға тек ереуіл арқылы қол жеткізіп жатыр. Билікті еңбек құқығы үшін күресіп жатқан наразыларды қолдауға және тұрақты жағдай жасауға шақырамыз, – деп жазылған мәлімдемеде. 

 

«Қудалау жүріп жатқан тұста Қазақстанның батысындағы барлық наразы мен бейбіт жиналу құқығы бұзылған ұсталғандарға қолдау білдіргіміз келеді», – деп жазды мәлімдеме авторлары. 

 

Олар қолданушыларды #SupportZhanaozen (#ZhanaozendiQolda) хэштегтерімен желіде жазба жариялауға үндеген. Қазір желілерде осындай хэштегпен жазылған жазбаларды кездестіруге болады.

Поделиться

Нет комментариев.

13/04/2023 12:54
19100 0

Уведомление