Қостанайдағы өрт, президент жарнамасы және бас мүфти дұғасы

Әулиекөлдегі өрттің жай-жапсары


06/09/2022
11:55 28845 0

Қостанай облысында 2 қыркүйекте басталған орман өрті 43 мың гектарды шарпып, бір адам көз жұмды. Орманға жақын орналасқан ауылдардың барлығы дерлік өртеніп кеткен, 1800 адам эвакуацияланған.

 

Қостанай облысында өрттен қатты зардап шеккен елді мекендердің бірі Аманқарағай ауылы. Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, ауылда 85 үй өртеніп, 1936 жылы дүниеге келген бір адам қаза тауып, 1 мың адам эвакуацияланған. Бұдан бөлек, Озерное ауылынан – 250, Колинино ауылынан – 228, Лесное ауылынан – 363 адам қауіпсіз аймаққа көшірілген. Өрт салдарынан он адамды күйік шалған. Оның ішінде біреуі кәмелетке толмаған бала, бір орман шаруашылығы қызметкері, бір әкімдік жұмысшысы, үш ТЖ министрлігінің қызметкері мен төрт тұрғын бар. 

 

Тозығы жеткен материалдық база мен арнайы штаб жұмысы

 

Өртке қарсы құрылған арнайы штаб мәліметінше, 5 қыркүйектегі дерек бойынша, Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдары маңында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өрт сөндіруге 224 техника, 4 тікұшақ, 3 ұшақ, 5 өрт сөндіру пойызы мен 2139 адам жұмылдырылған. 

 

Сарапшылар Қазақстанда орман шаруашылығының материалдық базасы ескіргенін айтуда. Олардың сөзінше, орманшылардың айлығы өте аз ары кеткенде 30-40 мың теңге алады. Шалғай ауылдардағы орманшылардың айлығы 25 мың теңгеден ары аспайды. 

 

Ресей диверсиясы немесе табиғи апат?

 

Үш күн өтсе де өрттің неден шыққаны белгісіз. Төтенше жағдай министрлігі өртке күннің ыстығы себеп болуы мүмкін деп мәлімдеді. Құтқарушылар абайсызда өртеп алу немесе қасақана от қою да мүмкін деген болжам айтуда. Әлеуметтік желіде «өртті Ресей тарапынан жасалған диверсиялық шабуыл» деп атап жатқандар да бар. Олар бұны Украинадағы соғыс пен әлемдегі бидай тапшылығымен байланыстыруда. Қазір «орманды жою», «отпен жұмыс істеу арқылы ауыр зардаптарға алып келіп соққан немесе аса ірі залал әкелген іс-әрекет», «абайсызда екі немесе оданда көп адамының өліміне алып келген өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

 

Президенттің сайлау алды жарнамасы және дұға тілеген бас мүфти

 

Қыркүйектің 5-і күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Мемлекеттік басшысының баспасөз қызметі таратқан фотолар әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Бірі «Тоқаевтың төңірегіндегілер өртті президенттің сайлау алды жарнамасына пайдаланып жатыр» деп сынасы, енді бірі бұны қалыпты жұмыс процесіне балауда. Бірақ, әлеуметтік желіге жарияланған фотолар жұмыс барысынан қарағанда пияр компанияға көбірек ұқсайды. Халықтың бұндай пікір айтуына бұған дейін Қостанай облысына барып, өртке қарсы дұға тілеп, ақ шапанмен өрт сөндірген бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының іс-әрекеті себеп болған. Оның әлеуметтік желіде тараған суреттері де үлкен сынға ұшыраған. 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

06/09/2022 11:55
28845 0

Уведомление