Орман өрті салдарынан Абай облысында үш ауыл тұрғындары үйлерін тастап кетті

Аймақта эвакуациялық пунктер ашылған


09/06/2023
13:58 15776 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Абай облысында орман өрті салдарынан үш бірдей ауылдың тұрғындары үйлерін тастап кетті. Бұл жөнінде облыстың әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

 

Әкімдік мәліметінше, Барышевка, Успенское және Поднебесное ауылдарының тұрғындары өрт салдарынан үйлерін тастап, туыстарын сағалауға мәжбүр болған. 

 

9 маусымға қараған түні Бородулиха ауылындағы колледж бен мектептен эвакуациялық пунктер ашылған. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев та оқиға орнына барған. 

 

– Өрттің орман шетінен қашықтығы 11 шақырым. Ауданы - 20 га. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Соған қарамастан Романовка, Камышенка елді мекендерінің шекарасында жер жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауа райы жағдайы: +34 градус, солтүстіктен соққан желдың жылдамдығы 2 м/с, –  делінген әкімдік таратқан ақпаратта. 

 

Өтті сөндіруге 70-ке жуық техника, төрт тікұшақ және өртпен күрес қызметінің 300 өкілі тартылған. 

 

Дәл осы аймақта бір ай бұрын өрт болған. Мамырда болған өрт салдарынан 3,5 мың гектар жер өртенген. 

Поделиться

Нет комментариев.

09/06/2023 13:58
15776 0

Уведомление