Қорғас ісі: Швейцариядан тағы 390 миллион теңге қайтарылды

Бұл қылмыс бойынша кейінгі 2 жылда осымен 530 миллион теңге Қазақстан бюджетіне түсіп отыр


17/09/2020
11:30 47373 0

Фото: informburo.kz

Швейцария федерал билігі Қазақстанға тағы 390 миллион теңгеден астам қаржыны қайтарды. Еліміздің Бас прокуратурасының баспасөз қызметі бұл Қорғас ісі бойынша сотталған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің шетелге шығарған ақшасы деп хабарлайды

Швейцария банкіндегі қаражат қылмыстық топтың белсенді мүшесі Мағзұм Әбдірәлиевке тиесілі компанияның шотында болған. Әбдірәлиев 2012 жылдан бері дүниежүзі бойынша іздестіріліп жатыр. 

Қазақстанның Бас прокуратурасы оның қылмыс жасап тапқан активтерін қайтарумен 2 жылдан бері айналысып келеді. Былтыр Швейцариядан Қорғас ісі бойынша жымқырылған 140 миллион теңге қайтарылды.

Прокурорлар осы іс бойынша бұл елден барлығы шамамен 530 миллион теңгені (1,3 миллион доллардан астам) Қазақстан бюджетіне аударды. 

«Қорғас ісі» аталып кеткен қылмыстық оқиға 2013 жылы әшкереленді. Алматы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық әскери сотының мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топ қазақ-қытай шекарасында контрабандамен айналысатын 34 жасырын кәсіпорын құрған. Қытайдан 1,5 миллиард теңгенің жүгі заңсыз келген. 2014 жылы бұл іс бойынша 45 адам жауапқа тартылды.

Поделиться

Нет комментариев.

17/09/2020 11:30
47373 0

Уведомление