Орал кинотеатры мобилизациядан қашқан ресейліктерді түнеткен

Мобилизациядан қашқан Ресей азаматтары жергілікті жердегі бағаның өсуіне әсер еткен


26/09/2022
16:01 27676 0

Орал қаласының Cinema Park кинотеатры Ресейдің мобилизациядан қашқан екі жүзге жуық азаматын түнеткен. Жергілікті «Мой город» басылымы Шекара қызметіне сілтей отырып, 20 қыркүйек пен 23 қыркүйек аралығында Батыс Қазақстан облысына Ресейдің тоғыз мыңға жуық азаматы келгенін хабарлады.

 

Мобилизациядан қашқан Ресей азаматтары жергілікті жердегі бағаның өсуіне әсер еткен. «Мой город» басылымының жазуынша, мобилизация жарияланған екінші күні 230 мың адам тұратын Орал қаласындағы қонақүйлер мен хостелдерде орын қалмаған, жалға берілетін пәтерлер күрт қымбаттаған.

 

–Айына 150 мың теңгеге қала шетінен бір бөлмелі пәтер табу мүмкін емес, – дейді басылым.

 

–Көшеде бала ерткен адамдардың сенделіп жүргенін көрдім... Шамамен 22:30 кезінде сауда орталығының басшылығымен келісіп, оларды түнету жөнінде шешім қабылдадым. Адамдар шын мәнінде қатты қорқып қалған. Сағат 23:00-лерден бастап адамдар келді, күні бойы қонатын жер таба алмағанын айтты. Бастапқыда залды босатып бердік, еріктілер шай, ыстық тамақ әкелді. Сөйтіп төрт залға 200-ге жуық адамды түнеттік, – дейді Cinema Park кинотеатрының директоры Дилара Мұхамбетова.

Мұхамбетова мобилизациядан қашқандарды бүгін де түнетпек.

 

Ұлтына қарап алаламадық. Бурятпыз, татармыз дегендер де болды. Ұлтыңыз маңызды емес дедік, – дейді Дилара.

 

21 қыркүйекте Владимир Путин ішінара мобилизация жариялаған соң Ресейден қашқандар күрт көбейіп, бір бөлігі Қазақстанға келген.

 

Поделиться

Нет комментариев.

26/09/2022 16:01
27676 0

Уведомление