OCCRP: Тоқаев, Мамин мен Сағынтаевтың телефондары тыңдалған болуы мүмкін

Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы тыңдалған болуы мүмкін телефон нөмірлерінің тізімін жаңартты


21/07/2021
10:55 37017 0

Фото: androidlime.ru

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер-министр Асқар Мамин мен Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың телефондары Pegasus телефондарды тыңдау бағдарламасы арқылы тыңдалған болуы мүмкін. Мұны OCCRP сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы хабарлайды.

 

Орталық 18 шілдеде жарық көрген зерттеуінде оннан астам мемлекет Pegasus телефондарды тыңдау бағдарламасы арқылы азаматтарды, әсіресе құқық қорғаушылар, белсенділер мен журналистерді аңдығанын айтады. Ол елдер қатарында Қазақстан да бар. 

 

Зерттеушілер 2 мыңнан астам Қазақстан азаматы осы бағдарламаның құрбаны болды дейді. Басында тізімде журналистер Серікжан Мәулетбай, Бигелді Ғабдуллин, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина болған. 20 шілдеде жаңартылған тізімде Тоқаев, Мамин мен Сағынтаевтың есімі аталады. 

 

Зерттеуге сенсек, адамның есімі тізімде болғаны оның телефоны тыңдалды деген сөз емес.

 

— Адамның есімі тізімге кірсе де, оның телефоны тыңдалды деген сөз емес, алайда ол адам NSO group клиентіне (Қазақстан билігі осы клиент болуы әбден мүмкін) кем дегенде қызық болған, — делінген зерттеуде. 

 

Бұл бағдарламаны Әзербайжан, Венгрия, Үндістан, Сауд Арабиясы, Марокко сияқты елдер қолданған.

 

Pegasus — Израильдегі NSO Group ІТ компаниясы жасап шығарған бағдарлама. Ол арқылы адамдардың телефондағы жеке мәліметін — хат, фото, қоңырауларды білдіртпей алуға болады.

 

Зерттеуден кейін бірнеше мемлекет ішкі тексеріс жүргізе бастады.

Поделиться

Нет комментариев.

21/07/2021 10:55
37017 0

Уведомление