Нәжла Боден Ромдхән — Тунис тарихындағы бірінші әйел премьер-министр

Бұған дейін араб елдерінде әйел үкімет басқарып көрмеді


06/10/2021
11:44 39613 0

Нәжла Боден Ромдхән. Фото: cnn.com

 

Тунис президенті Қайыс Саид ел үкіметінің басшылығына Нәжла Боден Ромдхәнді тағайындады. Осылай Тунис үкіметін алғаш рет әйел басқарады. Бұған дейін араб әлемінде әйел адам премьер-министр болып көрмеген. Мұны CNN хабарлады

 

— Тунис үкіметін алғаш рет әйел басқармақ. Бұл Тунис және оның әйел азаматтары үшін үлкен абырой, — дейді президент. Оның сөзіне сенсек, жаңа премьер-министр бірінші кезекте мемлекеттік органдарда белең алған жемқорлықпен күреспек. 

 

Ромдхән бұрын Ұлттық инженерлер мектебінде профессор болған, Жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрлігінде істеген, Дүниежүзі банкінде бағдарламаларды іске асырумен айналысқан.

Поделиться

Нет комментариев.

06/10/2021 11:44
39613 0

Уведомление