Нүкіс оқиғасы: Полицияның күш қолдану ісі бөлек қаралады

Қарақалпақстандағы наразылықты басып-жаншу кезінде кемінде 21 адам қаза болған


15/12/2022
11:18 24264 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Нүкісте болған жаппай наразылық кезінде құқық қорғау органдарының халыққа қарсы күш қолдану жағдайлары бөлек қаралады. Бұл жөнінде Өзбекстан бас прокуратурасы хабарлады. 

 

– Жаппай тәртіпсіздік кезінде арнайы құралдар мен қару-жарақ 1 шілдеде Жоғарғы кеңес ғимараты алдында, 2 шілдеде Нүкіс ішкі істер бөлімшесі алдында стратегиялық нысандарды қорғау мақсатында қолданылды. Бұл фактілер бойынша тергеу ісі жалғасып жатыр. Бұл бөлек қаралады, – деді бас прокуратура өкілдері.

 

Ведомство өкілдерінің cөзінше, екі адамның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. 

 

Қарақалпақстандағы оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық істерде 171 айыпталушы бар. Қазір Бұқарада 22 адамның соты жүріп жатыр.

Айыпталушыларға "жаппай тәртіпсіздік", "қоғам қауіпсіздігіне қатер төндіретін материал әзірлеу", "Өзбекстанның конституциялық құрылымын құлату немесе билікті басып алу мақсатында сөз байласу" баптары бойынша айыптар тағылған. 

Айыпталушылар арасында "Ел қызметінде" (Эл хызметинде) газетінің адвокаты Дәулетмұрат Тәжімұратов, Makan.uz сайтының құрылтайшысы, журналист Лолагүл Каллыханова бар. 

Биыл шілдеде Қарақалпақстанда Ташкенттің Конституцияны өзгерту туралы бастамасына қарсы наразылық тұтанған. Ташкент ұсынған түзетулер арасында Қарақалпақстанды Өзбекстан құрамынан шығу құқығынан айыратын пункт те бар. 

Қарақалпақстандағы наразылықты басып-жаншу кезінде кемінде 21 адам қаза болған, арасында күштік құрылымның төрт қызметкері бар. 270-тен астам адам жараланған.

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

15/12/2022 11:18
24264 0

Уведомление