НемолчиKZ қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу жарияланды


27/12/2023
17:27 5500 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

НемолчиKZ  зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу жарияланды. Бұл жөнінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу сайтында жарияланды. 

 

Қазақстан ішкі істер министрлігінің бастамасымен Дина Таңсәріге іздеу жарияланды. Іздеуге байланысты іс Шығыс Қазақстан облысында 2желтоқсанда тіркелген. 

 

Бұған дейін Дина Таңсәрінің үстінен алаяқтық бабы бойынша іс қозғалғаны жөнінде ақпарат тараған.  Ол өзіне тағылған айыппен келіспеген. Құқық қорғаушы қазір Қазақстан аумағында емес. 

 

НемолчиKZ қоғамдық қоры елде болып жатқан тұрыстық зорлық-зомбылық мәселелерін көтеріп, зардап шеккен адамдарға құқықтық және материалдық көмек көрсетумен айналысады. 

Поделиться

Нет комментариев.

27/12/2023 17:27
5500 0

Уведомление